Home Жаңалық Астанада жыл соңына дейін 9 мектеп пайдалануға беріледі

Астанада жыл соңына дейін 9 мектеп пайдалануға беріледі

0

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада жаңа мектептердің салынып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Білім ошақтарының құрылыс барысымен таныстым. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерер болсақ, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ.

Мәселен, қыркүйек айында 15 мектеп аштық. Олардың тоғызы – «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашамыз, оның сегізі – ұлттық жоба аясында. Осылайша, тоғыз жаңа мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын құрады. Бұл оқу орындары тағы 4 мектепте үш ауысымды оқыту, 3 мектепте тығыздылығы жоғары режимі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз», – деп жазды елорда әкімі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version