21.10.2024

Ақтөбе облысындағы Талдысай ауылында жаңа мектеп ашылды

25 қазан – Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Талдысай ауылында 100 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мектептің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты.

мектеп
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, аудан басшысы Дархан Ермағанбетов ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

мектеп
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
мектеп
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Талдысай жалпы білім беретін орта мектебінде 24 мұғалім қызмет етеді, 79 оқушы білім алады. Жаңа ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 10 пән кабинеті қарастырылған. Заманауи техникалық құралдармен толықтырылды. 3 интерактивті тақта, 30 компьютер жұмыс істейді. Зертханалары да толық жабдықталған. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар.

мектеп
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң және балалар ойын алаңы салынған. Бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

мектеп
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мектептің құрылыс жұмыстарын «ПК Ерзат» ЖШС жүргізді.

мектеп
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА