Home Жаңалық Қазақстандық оқушылар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады

Қазақстандық оқушылар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады

0

Кеше елордада Республикалық тарих олимпидасының ақтық мәресі өтіп жатыр. Ziyatker жастар ұйымы ұйымдастырған білімділер байқауында топ жарғандар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады.

Республикалық олипиадаға еліміздің барлық өңірінен 8-12 сыныптың 1 000-нан астам оқушысы қатысқан болатын. Екі кезеңнен кейін үздік 30 оқушы ақтық сынға шығып отыр.

Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, білім сайысы тарихқа әуес таланатты оқушыларды қолдау, сонымен қатар халықаралық олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасын жасақтау үшін өткізіліп жатыр.

«Жастарымыздың болашағы өте зор. Бізде түрлі бағытта өз-өзін дамытып, республикалық, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларда таң қаларлық нәтижелерге қол жеткізіп жүрген ақылды балалар бар. Оларға қолдау көрсету, қоғам, сонымен қатар мемлекет тарапынан ынталандыру болуы тиіс. Өйткені, олардың еліміздің зияткерлік негізі», – деді олимпиада ұйымдастырушысы Аянат Жамбылова.

Лондондағы Халықаралық тарих олимпиадасы түрлі елдің оқушылары арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды платформа болмақ. Осы сайыс Қазақстан оқушылары да жоғары білім мен дағдыларын көрсете алады. Әлемдік өркениеттер тарихына, Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге ерекше назар аударылады.

«Тарих – бұл өткенің туралы ғылым ғана емес, сонымен бірге қазіргі мен болашақты түсіну құралы», – деді ол.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version