30.10.2024

Қазақстанда 1 минутта жиырмаға жуық есеп шығаратын оқушылар бар

Елімізде осы уақыт аралығында 20-ға жуық есептің жауабын мүдірмей шешетін балалар бар. Бүгін Астанаға UCMAS халықаралық балалар орталығында оқитын оқушылары Алматыдан арнайы келді, деп хабарлайды 24.kz.
Есте сақтау қабілеті қатарластарынан көш ілгері, нақтылық пен жылдамдық, өз-өзіне сенімділік – UCMAS орталығында оқитын балаларға тән қасиет. Үш таңбалы санды екі немесе бір таңбалы санға көбейту олар үшін түк емес. Тіпті 1 минут ішінде 20-ға жуық есептің жауабын еш қиналмай шығара алады.

UCMAS – 4-12 жас аралығындағы балалардың ақыл-ой қабілетін дамытуға арналған бірегей халықаралық бағдарлама. Қазір бұл ойша есеп шығару жүйесімен Малайзия, Қытай, Канада, АҚШ, Испания сынды әлемнің 92 елі жұмыс істейді. Қызықты әрі күрделі оқыту жүйесі арқылы бала сандарды бейне ретінде қабылдап, математикалық есепке үйір болады.

Балалардың ой өрісін, есептеу қабілетін арнайы есеп құрылғысы арқылы жетілдіруге бағытталған бағдарлама бүгінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылып келеді. Ал алматылық оқушылар Астана күнінде өз қарым-қабілетін көрсетуге әрі елордаға саяхат жасауға ата-аналарымен арнайы келіпті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА