05.10.2024

Пара алған ба: М. Әуезов университетінің ректоры ұсталды

«Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды». Бұл ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Сондай-ақ ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған, деп хабарлайды KAZBILIM порталы Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Департамент басшысының орынбасары тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты айта алмаймыз деді.

Белгілісі, күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

«Ақпарат беріліп жатыр біздің агенттіктен, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр», – деді Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА