Home Жаңалық Ақмолада білім бөлімінің бухгалтері 5,8 млн теңге жымқырған

Ақмолада білім бөлімінің бухгалтері 5,8 млн теңге жымқырған

0

Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бухгалтер сотталды.

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжат жасағаны және шотына ақшалай қаражат аудару фактілерін жасырғаны анықталды.

ҚК 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағына сәйкес, осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version