Home Жаңалық Павлодар облысында 33 ауыл мектебі Starlink интернет жүйесіне қосылды

Павлодар облысында 33 ауыл мектебі Starlink интернет жүйесіне қосылды

0

Павлодар облысы бойынша 33 ауылдық мектеп Starlink технологиясындағы интернетке қол жеткізді. Нәтижесінде білім ұяларындағы интернет жылдамдығы секундына 150 мегабитке дейін артқан.

Өңірлік білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Башированың хабарлауынша, шалғайда орналасқан ауыл мектептерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспары ретімен орындалып жатыр.

– Облыстың білім беру басқармасы цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта облыстың барлық 360 мектебі интернет желісімен 100 пайыз қамтылған. Интернет жылдамдығын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасып келеді. Жыл басында интернет жылдамдығы бойынша мектептердің 35 пайызы ғана талапқа сай болса, қазір олардың 75 пайызында жылдамдық арттырылды. Пилоттық жоба аясында биылғы шілде айында 33 мектеп Starlink технологиясына қосылды. Егер бұрын әлгі мектептердегі интернеттің жылдамдығы секундына 4-10 Мбит-тен аспайтын болса, енді ол секундына 150 Мбит-ке дейін жетті,-деді басқарма өкілі Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

2025 жылға дейін барлық мектептер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады деп күтіліп отыр. Бұл ауқымды мәселе «Қолжетімді интернет» мемлекеттік бағдарламасының және Starlink пилоттық жобасының көмегімен шешілетін болады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version