22.07.2024

Абайдың ұрпағы – халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды

20140622182740Алматылық 15 жастағы оқушы Дана Ақылбаева орыс тілі пәні бойынша Мәскеуде өткен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанып, Ресей Федерациясының өзі қалаған жоғарғы оқу орнында тегін білім алатын болды, деп жазады 24.kz.
29 елден келген 200-ден астам оқушының арасында абсолютті жеңімпаз атанған Дана – Ұлы Абайдың жетінші ұрпағы. XIII халықаралық олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанып келген Дана алғашқы қуанышын ұстазы Нина Алдоновамен бөлісті. Орыс тілі мен әдебиетінің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, жетістікке жетуіме себепкер болған да ұстазым дейді 15 жасар оқушы.

«Жоқ, бұл – бірлескен еңбек. Себебі оқушыда қандай да бір негіз болмаса, оны жетелеу қиынға соғар еді. Ал Дана – өте сезімтал әрі логикалық ойы жүйелі шәкірт. Оның әдебиетке жақындығы жанының сұлулығын танытады. Бұл байқау оның жұлдызды сәті болды», – дейді Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясының мұғалімі Нина Алдонова.

Бес жылда бір өтетін халықаралық олимпиадаға әлемнің 29 елінен 205 оқушы қатысыпты. 30-шы мемлекет Украина болатын. Алайда елдегі саяси текетірестерге байланысты өз замандастарының шекарадан өте алмауын Дана олимпиада тапсырмасы бойынша «Достық» тақырыбында берілген мазмұндамасының соңында наздана жазған екен. Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған байқаудың екінші сұрағы «Мемлекет және өнер» жайында болған. Көркемсурет мектебін тәмәмдаған Дана Ақылбекова үшін бұл да қиынға соқпаған. Өнерге, тілге, жаны сұлулыққа әрі бейбітшілікке құмар қыз кейін білгеніміздей, Ұлы Абайдың Ақылбектен тараған ұрпағы болып шықты.

«Иә, жетістікке жетуіме Абай атамның рухы дем берген шығар. Дегенмен, мен Ұлы Абайдың ұрпағымын деп айқайлап айта беруді жөн көрмеймін. Ол үшін әлі көп еңбек етіп, талай асуларға жетуім керек. Ал бұл жолы рас, мен көп оқыдым, көп іздендім. Халықаралық олимпиаданың абсолютті жеңімпазы деп менің атымды атағанда қуанышымда шек болмады», – дейді Дана Ақылбекова.

«Я» – язык, яғни, «тіл» деген мағынаны білдіретін ескерткіш Данаға Ресей федерациясының қалаған жоғарғы оқу орнында тегін білім алуына мүмкіндік беріп отыр. 9-сыныпты бітіріп, 10-сыныпқа аяқ басқан ол келер жылды экстерн бітіріп, арғы жылы Мәскеудің халықаралық қатынастар институтына түсуді мақсат етіп отыр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА