10.09.2024

БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ БӨЛІНДІ

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы грант саны 94 мыңнан астам, оның ішінде 78 мың грант – бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

99 пайыз грант 4 жылда тұңғыш рет игерілсе, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген.

Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген.

Айта кетер жайт, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 000 адамға артық көрсеткіш.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА