Home Жаңалық «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

0

Еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

«Өздеріңіз де білетіндей, жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін елміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акция оқу жылында дайындық кезеңінде аз қамтылған отбасылардың балаларын демеушілік қолдау көрсетуге бағытталған», – деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, акция барысында «жедел желілердің», «сенім телефондарының», қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж немесе қолдау көрсетуге дайын жандар Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 74-25-28 сенім телефонына немесе «BALA QORǴAÝ» Telegram чатына жүгіне алады.

«Комитет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға бей-жай қарамайтын, жүрегі кең азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырады», – деді Насымжан Оспанова.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version