09.10.2024

Атыраулық 700 оқушы Түркістандағы лагерьде бес кезеңмен тегін демалады

Атырау облысынан 700 оқушы Түркістандағы лагерьде бес кезеңмен тегін демалады.

Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева мен Түркістан өңіріндегі «Delve camp» балалар демалыс лагерьінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлының кездесуінде осындай ұйғарым жасалған.

Атыраулық 700 оқушы Түркістандағы лагерьде бес кезеңмен тегін демалады
Фото: Атырау облысының білім басқармасы

«Түркістан облысындағы лагерь басшылығы Атырау облысынан 10-14 жас аралығындағы 700 оқушының 5 кезеңмен тегін демалуына мүмкіндік жасап отыр. Бұл лагерьге аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан және оқуда үздік нәтиже көрсетіп, мектеп өміріне белсене араласқан оқушылар барады. Оқушылардың алғашқы тобы 28 мамырда демалуға аттанады», – деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Лагерь өкілі Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерьде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгеруіне барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА