09.10.2024

Маңғыстау облысында білім беру саласының 185 маманы жауапқа тартылды

27 наурызда облыс прокурорының төрағалығымен орта білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алқа отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары мен бала құқығы жөніндегі уәкіл, сондай-ақ басқа да сала мамандары қатысты.

Тексеру нәтижесінде 40 мыңнан астам оқушы мен мұғалім құқығы, оның ішінде 5 мыңнан астам адамның конституциялық құқығы қорғалды.

Сонымен қатар 50-ден астам заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізіліп, 185 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, тексерулер барысында халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бұзушылықтар анықталып, СЭС қорытындысын беру кезінде заңнама талаптарын сақтамау, жалған медициналық кітапшаларды пайдалану фактілері анықталды.

«Бірқатар білім беру ұйымдарында бастауыш сыныптарға арналған тегін тамақтану мәзірінің заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Мемлекеттік сатып алу саласында Ақтау қаласының 22 білім беру ұйымында бір көзден жалпы сомасы 180 млн теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін турникеттер сатып алынған. Сонымен бірге мектептерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіпсіздікті ұйымдастыру және медициналық пунктердің жұмысы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды» – делінген хабарламада.

Алқа отырысында оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға, білім сапасы мен балалардың құқығын қорғауға басымдық беру туралы шешім қабылданып, осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар шара ұсынылды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА