22.06.2024

Астанада биылғы оқу жылында бірден 9 мектеп пайдалануға беріледі

Астанада жаңадан салынған төрт мың орындық ірі-ірі 5 мектепте 20 мыкң оқушы оқып жүр. Бұл жайында шаһар басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Рысқұлов – Қайсенов көшелерінің, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесі, сол сияқты Қошқарбаев, Ұлы Дала даңғылы және №39 көшелерінің қиылыстарында салынып жатқан оқу орындарына бардым. Биылғы оқу жылында тағы 9 оқу орнының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның бір бөлігі үшінші тоқсаннан бастап жұмыс істейді. Осыған дейін 36 мектеп салынып, пайдалануға берілген болатын. Мәселен Рысқұлов пен Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан мектеп 4 мың оқушы орнына (2 ауысымды) есептелген. Бұл – ірі мектеп. Қазір онда соңғы жұмыс жүріп жатыр. Бүгінге дейін осыған ұқсас бес ірі мектеп аштық. Осы бес мектептің есебінен 20 мың оқушы орны құрылды», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Ұлы дала даңғылы мен Сауран көшесінде орналасқан мектеп 2400 орынға (2 ауысымды), Ұлы дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы мектеп 2400 орынға есептелген.

Рысқұлов көшесіндегі оқу орнының құрылысы жеке инвестиция есебінен жүріп жатыр, онда балабақша да болады.

«Сол сияқты мектеп салу үшін 158 жер учаскесін анықтадық. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттілігін ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына әр ауданда оқу орындары болуы жөнінде арнайы бағыт бекітілді» дейді әкім.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА