04.10.2024

Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне еңбекақы төлеуді қайта қарау қажет – сенатор

Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың 50%-ында мамандандырылған салалық білім жоқ. Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева депутаттық сауалында айтты.

Оның айтуынша, елімізде мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістерге қарамастан, жүйелі шешімді қажет ететін бірқатар күрделі мәселелер бар.

Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы бар проблемаларды бірнеше негізгі блоктарға бөлуге болады деп есептейді. Оның ішінде: қаржыландыру мәселелері, жалпы және ғылыми тәсілдер, кадрлық қамтамасыз ету және осы саладағы сапалы қолдау да бар. Осы факторлардың салдарынан мектепке дейінгі сала қызметкерлері педагогикалық және психоэмоционалдық тұрғыда ауыр жағдайға тап болады. Балаларға қол көтеруге дейін қатыгездік таныту, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер тарапынан тәртіптік бұзушылықтар жиі болып отыр.

«Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақша топтарын ашу уақыт күттірмейді. Жергілікті атқарушы органдар қазіргі жағдай мен болжау деректерін талдау негізінде өңірдің стратегиялық жоспарымен байланыстыра отырып, мектепке дейінгі саланы дамытудың қысқа мерзімге арналған кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Өңірде жан басына шаққандағы қаржыландыру коэффициентін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Сараланған және мөлшерлемелік ақы төлеу жүйесінің тетіктерін пайдалана отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет», – деді Д. Нөкетаева.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Ия, тәрбиеші болу оңай емес. Дегенмен, бала-бақшада жұмыс істейтін барлық мамандарды кінәлаудан гөрі қолдау қажет деп санаймын. Қолдау көрсету бағыттарын ретке келтіру керек. Қолдаудың бірнеше бағыты бар, атап айтқанда әлеуметтік, қаржылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық және тұлғалық даму, ең бастылары осы. Бұл ұйымдастыру жұмысы балабақшадағы менеджментке байланысты. Себебі әр мекеме ата-ана мен балаға қызмет көрсетуде білікті мамандарымен көзге түседі. Әдетте балабақшаның техникалық жабдықталуына басымдылық танытатыны белгілі. Ал мамандардың кәсіби біліктілігі мен кәсіби жарамдылығына мән берілмейді. Оған қоса баланың даралық ерекшелігі мен отбасылық тәрбие психологиясы да әрқилы. Сондай-ақ тәрбиешінің психо-эмоционалдық күйі тұрақты болуы да маңызды. Тәрбиешінің көңіл-күйі мен эмоциялық қалпы сол күнге сәйкес келмей қалуы мүмкін, мысалы сол күні оның отбасында конфликттілі жағдай болуы мүмкін, тіпті ұйқысы қанбай келуі мүмкін, кейде жол кептелісте тұрып қалады. Әрине, осындай жағдаймен келген адам аддекватты әрекеттер жасай алмайды. Дегенмен, әр балаға да жол табу тәрбиеші үшін ауыр жүк көтергенмен тең. Менің ойымша, тәрбиешілер күнде таңертең арнайы психологиялық профосмотордан өту керек, арнайы психологиялық релакс-жаттығуларынан өтсе жағымсыз күйлерден арылар еді. Сондай-ақ, тілазар, бұзық балалардың әрекетіне аддекватты жауап қайтарып, кәсіби әрекетін дұрыс атқарады. Тағы айтарым, психологиялық профосмотрды ұйымдастыруда тәрбиешіні кінәлі етіп жарамсыз маман етіп көрсету емес, керісінше оған психологиялық көмек көрсету мақсатында өткізу керек. Әйтпесе тәрбиешілер өздерін “мені жұмыстан шығарады” деген қорқынышпен психологиялық релакс жаттығуына бармай қояды. Қорыта айтқанда, бала-бақшада психологиялық қызметті күшейту керек!!! Ата-ана мен бала психологиясы бойынша да кәсіби кеңестер беру орталықтарын балабақша жанынан ашу да артық болмас еді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА