11.10.2024

Ташкентте қазақстандық университеттердің филиалы ашылады

Премьер-Министр бейнеконференция байланысы режимінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 33%-ға өскен. Екіжақты тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізу үшін алдағы бес жылға Практикалық іс-қимыл жоспары қабылданды.

Сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Өзбекстанға ет-сүт өнімдерін, балық және одан жасалатын өнімдерді экспорттауға мүдделі екені айтылды.

Ташкентте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалдарын ашу мәселесі пысықталып жатыр

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА