24.07.2024

ҰБТ: Алғашқы күннің қорытындылары

Ағымдағы жылдың 2 маусымда тест тапсыруға өтініш жазған 27 670 түлектің 26134-і (94,5%) қатысты деп хабарлайды ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
Тест 61 пункт базасында тапсырылды. Тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер аудиториядан шығарылды. Тест тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылған.
Бірінші күннің қортындысы бойынша, ең жоғары 125 балды Алматы қаласындағы №178 лицейдің түлегі Әбдіжаппар Айғаным Бақытқызы жинаған.
3 797 түлек (14,5%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 2 743 (11,4%) түлек қол жеткізген болатын.
Алғашқы күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 76,6-ны құраған (2013 жылы – 75,5 балл)
Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 6 233 (23,8%) түлек жинай алмаған. 2012 жылы бұл көрсеткіш 6 368 (26,4%) болған.
Астана қаласында ең жоғары 119 балды құраса, Павлодар облысында ҰБТ-ның бірінші күніндегі үздік нәтиже – 121 балды көрсетті.
Тестке қатысушылардың айтуынша, ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстарына еш аймақтан шағым жоқ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА