16.07.2024

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы балалар үйлеріндегі балдырғандарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді.
Аталған шара жетім және әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балдырғандардың әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай туғызуға бағытталған партиялық «Бақытты балалық шақ» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға Астана қаласындағы балалар үйлерінің жетпіс тәрбиеленушісі қатысты. Бағдарламаның ішінде конкурстар, қылжақбастардың, цирк артистерінің, қуыршақтар мен аниматорлардың қатысуымен мерекелік сауық, балалар шығармашылық ұжымдарының қойылымы, шығармашылық шеберлік сыныбы болды. Бағдарлама барысында балалар өздерінің ерекше шығармашылық таланты мен қабілетін көрсетуге мүмкіндік алды.
«Бүгінгі күні Қазақстанда жетім ба¬ла¬лар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 33 мыңнан асады. Жоба шеңберінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты жұмыс жүргізілетін болады. Барлық мүдделі тараптардың басын қоса отырып, біз ба¬лалар үйіндегі тәрбиеленушілердің не¬гізгі мәселелерін шешетін боламыз, сон¬дай-ақ азаматтардың өз балаларынан бас тартуына төзбеушілікті қалыптастыру үшін жұмыс істейміз және жетім балаларды асырап алуды насихаттаймыз» деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының хатшысы Құмар Ақсақалов.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде қолданыстағы заңнамаға асырап алуды ынталандыруға, асырап алушының міндетті түрдегі іріктеуіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ жетім балалардың қолданыстағы базасын кеңейтуге бағыттылған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Барлық ұсыныстар үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, сарапшылардың алаңында талқыланады.
«Қазір жетім балалардың мәселесіне барлық қоғамның назарын аудару маңызды. Олар үнемі қоғамның қамқорлығы мен қолдауын қажет етеді. Сондай-ақ біз әлеуметтік жетімдікті болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз. 2007 жылы біз аз қамтылған, сәтсіз, толық емес отбасыларды қолдауға бағытталған «Отбасыны нығайту және әлеуметтік жетімдікті болдырмау» жобасын іске қосқанбыз. «Нұр Отан» партиясының бұл бағытты қолдағаны өте маңызды» деп атап өтті НОУ «SOS Балалар ауылы Астана» директоры Зәуреш Арыстанова.
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді қолдауға және жетім балалардың мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған мерекелік концерттер, спорттық және көңіл көтеру шаралары «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасының шеңберінде еліміздің барлық аймақтарында өтеді.
Мысалы, Алматы облысынан 30 бала (жетім балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары) демеушілік қаржының арқа¬сын¬да «Балдәурен» сауықтыру орталығына жі¬беріледі. Ақмола облысында жүз жетім ба¬ла партияның қолдауымен «Орленок» лагеріне жолдама алады.
Атырау облысында балалар үйлерінің ересек жастағы тәрбиеленушілеріне жаз мезгілінде «Атырауагропродукты» ЖШС-на жұмысқа тұруына жағдай туады, ол өз кезегінде тәрбиеленушілердің балалар үйінен тыс жерде өмірге икемделуіне мүмкіндік береді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА