08.09.2024

Еліміздегі ағылшын тілі оқулығының авторы елордада мұғалімдермен кездесті

Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулығының авторы Боб Оби бүгін елордада мұғалімдермен кездесті.

Тәлімгерлік семинар өткізуге арнайы шақырылған мейман қазақстандық ұстаздардың шет тілін меңгеру деңгейі жоғары дейді.

Физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер әдістемелік құрал құрастырушылармен пікір алмасты.

Ұлыбритания тумасы Қазақастандағы ағылшын тілі оқулықтарының авторы Боб Оби: “- Мен осы жерде кездескен мұғалімдердің барлығы шетелдегі мектептерде сабақ бере алады. Тілді меңгеру жағынан олардың біліктілігі жеткілікті. Нәтижелеріне көңілім толады. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп жатқаны көрінеді”.-дейді.

Дәріске ел бойынша жыл сайын мыңға жуық мұғалім қатысса, жалпы саны 12 мың ұстаз бүгінге дейін ағылшын тілінде білімін тереңдетті. Солардың бірі Степногор қаласынан келген Вероника Щербина. Ол оқушыларға биология пәнін ағылшын тілінде үйретеді. Ол төрт жыл ішінде шәкірттерінің шет тілге қызығушылығы еселеп артқанын, көп мұғалім кәсіби деңгейін арттыру үшін осында келетінін айтады.

Айта кетейік, Степногор қаласындағы 22 мектептің 16-сында жекелеген пәндер тек ағылшын тілінде өтеді. Олардың барлығында ұзақ жыл тәжірибе жинақтаған пән мұғалімдері сабақ береді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА