12.10.2024

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсартуға уәде берді.

«Әрине, саланың ең өткір мәселелерінің бірі – мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті. Мәдениет ұйымдарының лауазымдық жалақыларына «ұлттық» мәртебесі бар 1,75 коэффициенті түрінде қосымша ақылар мен үстемақылар әзірлеу қажет», деді Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ оның айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшеріне назар аудару қажет.

«Бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын. Осы күндері мен кездестірген көптеген оқытушылар, тіпті ең қиын 90-шы жылдары да өз мамандықтарын тастамады. Олардың арқасында мәдениет пен өнерде ұрпақ алшақтығы болған жоқ», деп атап өтті ведомство басшысы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА