12.10.2024

Семей қаласында осы жылы 6 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Бұл жайлы қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнұр Теребаева мәлім етті.

«Биыл 6 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл мақсатта 325 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ 33 білім ордасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Шаһардағы мектептердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді», – деді ол.

Бұдан бөлек, 24 мектепке жиһаз сатып алуға 563 млн теңге бөлінді. Жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілгелі бері мектептердегі кабинеттер қарқынды түрде жаңартылуда.

«Бүгінде 50 кабинет заманауи талаптарға сәйкес жаңартылды. Оның ішінде 16 жаңа модификация кабинеті, 13 еңбек, 4 математика, 4 география және 12 басқа пәндер кабинеттері бар», – деді Гүлнұр Теребаева.

Оның айтуынша, барлық білім ордасына дабыл тетігі орнатылған. Ал 42 мектеп арнайы күзет келісім-шартын жасасты.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА