16.07.2024

Оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Алматы қаласы білім басқармасының «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында бас бухгалтер 2013-2020 жылдар аралығында өзінің карточкалық есепшотына жалпы сомасы 50 млн. теңгеден астам бюджет қаражатының жалған жалақысын заңсыз аударғаны, сол арқылы мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтіргені анықталды.

«Сот үкімімен экс-Бас бухгалтер ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды»,-делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА