10.10.2024

«Болашақ» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі?

Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде «индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын» инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралғанын мәлімдеді.

«Инженерлік-техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру, ел экономикасы үшін шынымен қажет мамандарды даярлау мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған жоғары оқу орындарының тізіміне Ресейдің жетекші техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарын қосу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Ресейлік техникалық жоғары оқу орындарын «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізіміне енгізу бойынша жұмыс басталды. Сонымен қатар бағдарламаның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясын қайта қарау жоспарлануда», делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ БҒМ 2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінгенін атап өтті. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген.

Тағы 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша бөлінеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА