04.10.2024

Карантин шаралары орындалмаса оқушылар онлайн оқиды – ДСМ

Оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып және елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі мен Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының ұсынымдары бойынша білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды. Мәселен, барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және қуаты 600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмыс жасайды», – деді Ажар Ғиният.

Министрдің атап өтуінше, 600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында толтыру 50 пайыздан аспау керек. Бастауыш мектеп оқушылары штаттық режимде білім алады. Бұл ретте оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакциналаумен қамту деңгейі ескеріледі. Ал жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: лекциялар – онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді. «Бұл ретте, балалардың арасында да ЖРВИ мен КВИ-ден сырқаттанушылықтың 1,3 есе көбейіп отырғанын ескеріп, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуына мониторингіні жалғастыратынын және бұзушылықтар анықталған жағдайда, оқыту онлайн форматқа ауыстырылатынын атап өткен жөн.

Осыған байланысты, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет», – деді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА