04.10.2024

  12 мың қазақстандық мұғалім цифрлық инклюзивт оқу курстарынан өтеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы кеңсесі Astana Hub IT стартаптар халықаралық технопаркімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 11 облысында 12 мыңнан астам мұғалімді аралас форматта цифрлық инклюзивті білім негіздерін оқытуды жоспарлап отыр.

Оқыту Білім және ғылым министрлігінің облыстық басқармаларымен және білім департаменттерімен бірлесіп жүзеге асады. Тренингке қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдері қатысады.

Бүгінгі таңда курсқа он мыңнан астам тыңдаушылар тіркелді. «COVID-19 пандемиясы ең осал балаларға – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білімге қолжетімділікті шектеу және қашықтықтан оқытуға көшуден ең көп зардап шегетінін анық көрсетті.

Біздің басты мақсатымыз – олардың қажеттіліктеріне қарамастан әрбір балаға бірдей қолжетімді білім беру процесін қолдау. Цифрлық технологияларды қолданысымен жүзеге асатын аралас формат оқу үдерісін икемді және білім беру ортасын бейімделгіш етеді. Бірақ мұнда мұғалімдердің біліктілігі мен білімі басты рөл атқарады. Сондықтан мен Astana Hub-пен бірлесе отырып, көптеген мұғалімдерді жаңа сандық құралдарға үйрете алатынымызға қуаныштымын», – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

Аралас формат – арнайы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сыныпта оқытудың дәстүрлі формаларын біріктіруді көздейтін заманауи білім беру тәсілі. Қазақстандық мұғалімдерге арналған аралас форматтағы цифрлық инклюзивті білім беру курсы Okoo.kz білім беру платформасында өтуде.

Курс тыңдаушылардың бірінші тобы «инклюзия» терминін, қалыптасқан стереотиптер мен қате түсініктерді зерттей бастады. Оған қоса олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқуға тартудың жаңа технологияларымен танысады. Олар мектепте қолайлы жағдай жасау үшін әртүрлі цифрлық құралдарды пайдалана отырып, қашықтықтан және интерактивті сабақтарды ұйымдастыру әдістерін зерттейді. «Цифрлық технологиялар цифрлық білім беруді қолжетімді және инклюзивті ету сияқты жаһандық мәселелерге әсер ете алатыны – ерекше қуантатын жайт.

Болашақта IT-технологиялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу бағдарламасына қатысуына кедергі келтіретін барлық кедергілерді толығымен жеңуге көмектеседі деп сенеміз. Біз құзыреттеріміз бен күш-жігерімізді ЮНИСЕФ-пен біріктірудің арқасында біз осындай әлеуметтік маңызды мәселені шешуге ықпал ете алатынымыз және ең бастысы, айтарлықтай серпін бере алатынымыз керемет», – деді Astana Hub IT-стартап технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.

Теориялық бөлімнен басқа мұғалімдерге онлайн режимінде тиімді оқыту үшін практикалық білім беріледі. Курс аясында мұғалімдер Mural, Padlet, ZOOM, Canva, Kahoot және т.б. құралдарды пайдалануды үйренеді. «Осындай курстар ұйымдастырғаныңыз үшін алғысымыз шексіз. Тренингіміз 3 күнге созылды, осы уақыт ішінде біз көп нәрсені үйрендік: бұрын білмеген әдістермен, технологиялармен таныстық, білімімізді тереңдеттік. Padlet және Canva сияқты құралдармен жұмыс істеу әсіресе қызықты болды. Алған білімімді алдағы уақытта міндетті түрде сабақта қолданамын», – деп бөлісті Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңа өмір ауылындағы Шаған орта мектебінің мұғалімі Жұпар Таңатарова.

Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 161 826 мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін бала тұрады, олар үшін 99 арнайы мектеп құрылды, онда 15 мың бала оқиды. Сондай-ақ, 42 мектепке дейінгі арнайы ұйым бар. Қалған балалар инклюзивті ортада жалпы білім беретін мектептерде оқытылады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Өте керемет, мұғалімдерге, қажетті тренинг, оған қалай тіркеуге болады?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА