16.07.2024

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау мерзімі нақтыланды

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

🗓Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі.

📍Кешенді тесттер 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді

📑Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;

2) Сауалнама толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі.

5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

📌Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

Құжат қабылдау орындары мен конкурс шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтындағы “Үміткерлерге >Конкурс жөнінде хабарлама” бөлімінен қарай аласыздар (https://www.nis.edu.kz/kz/applicants/evets-pupil/?id=10003)

Барша үміткерлерге сәттілік тілейміз🤗

#НЗМ
#NIS
#конкурс
#qazbilim
#тест
#2022

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА