11.10.2024

Тәуелсіздік күніне орай Атырау қаласында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

“Тәуелсіздік күні: Атырау қаласында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды.

Жаңа мектеп Атырау қаласының «Береке» шағын ауданында бой көтерген. Мектептің ашылу салтанатында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оқушылар мен ата-аналарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Тәуелсіздік жылдары білім беру саласына айрықша көңіл бөлінді. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жаңартылып келеді. Осы кезең ішінде облыста 95 мектеп пен 7 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындары салынып, пайдалануға берілді. Енді алдағы жылы 8 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын табады. Өйткені, жас буынның алаңсыз, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау – басты мақсатамыз», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

«Береке» – соңғы жылдары бой көтерген жаңа шағын аудан. Мұнда көпқабатты үйлер салынып, тұрғындар саны артты. Осы кезге дейін шағын ауданда тұратын отбасылардың 824 баласы білім ошағының болмауынан қаладағы басқа мектептерде білім алып келген. Енді жаңадан ашылған 1200 орындық мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мектепте 360 орындық мәжіліс залы, асхана, жазғы спорт алаңы мен спорт зал бар. Ал, спорт зал бокс, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, кіші аяқдоп спорт түрлеріне негізделіп салынған. Оған қоса мектепте арнайы қауіпсіздік үшін бейнебақылау бөлмесі қарастырылған.

 

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА