04.10.2024

​ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды. Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды.

💬«Болашақта балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілік мәселесі біз үшін өте маңызды. Мектептердегі оқушыларды өз ісін жақсы көретін мамандар оқытуы керек. Елімізде болашақ мұғалімдерді сапалы даярлайтын жоғары оқу орындары бар. Алайда, кейбір университеттердегі тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді және университеттердің барлығы бірдей талаптарға сәйкес келе бермейтінін көрсетеді. Министрлік білім беру қызметтерінің сапасын сәйкестендіруге уақыт береді. Егер жоғары оқу орны сапаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізбесе, біз қатаң шаралар қабылдаймыз. Атап айтсақ, лицензиядан айырамыз. Мысалы, қазіргі таңда елімізде педагогтерді дайындайтын жоғары оқу орындары аз. Есесіне педагогтерді бәсекеге қабілетті университеттер дайындайды. Уақыт өте келе бұл оң нәтиже береді», — деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА