08.09.2024

Ералы Тоғжанов Алматыда 1800 орындық мектеп құрылысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласында әлеуметтік-мәдени даму және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мәселелері бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың барысымен танысу мақсатында мегаполиске жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, вице-премьер алдымен, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен бірге Алатау ауданында салынып жатқан жаңа мектепке барды.

Айта кетерлігі, бұл – 1800 орындық (бұрын нысандардың максималды қуаты 1200 оқушы орнынан аспаған) алғашқы мектеп. Құрылыс Саялы шағынауданда жүруде. Ішкі көші-қон және жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы бұрыннан істеп келе жатқан мектептердің жүктемесін арттыратыны ескерілген. Сол себепті жаңа мектептің құрылысы үш ауысымды білім беруге жол бермеуге бағытталған.

Бүгінде құрылыс жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде, нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған. Тиімді білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін жайлы кабинеттік қор, спорт және акт залдары және тағы басқалары қарастырылған. Барлық оқу аудиториялары заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады.

Алматыда барлығы 12 600 орындық 8 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның үшеуі 5 100 орындық (Саялы шағынауданында 1800 орындық; Томирис шағынауданында 1500 орындық; Қалқаман-2 шағынауданында 1800 орындық) мектептер ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсырылады. Қалған 5 мектепті 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, қазіргі орта білім беру мекемелеріне қосымша 17 корпус пен 13 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталуда. Осылайша, ағымдағы жылдың соңына дейін мегаполисте 16 мың оқушы орны іске қосылады, бұл қазіргі тапшылықты 47% қысқартады.

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов халық өсімінің жоғары көрсеткіштері жағдайында 1800 және одан да көп орынға арналған ауқымды мектептер салу практикасын жалғастыруды тапсырды.

Вице-премьердің жұмыс сапары барысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, креативті индустрияларды дамыту, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы бойынша бірқатар жұмыс кеңестері жоспарланған.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА