04.10.2024

Білім сапасын қамтасыз ету аса маңызды – Асхат Аймағамбетов

Елордада «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жаһандық тенденциялар жəне аймақтық аспектілер» форумы өтіп жатыр

Əр жыл сайын өткізілетін IAAR форумы көптеген мемлекет қайраткерінің, академиялық жəне кəсіби қоғамдастық өкілдерінің басын қосып келеді.

Жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі болып табылатын Аккредиттеу жəне рейтингтің тəуелсіз агенттігінің (IAAR) 10 жылдығына арналған 2021 Халықаралық форумға 600-ге жуық адам қатысып жатыр.

«Құрметті әріптестер, форумға қатысушылар. Бесінші форумның ашылу салтанатымен құттықтаймын. Атаулы шараның қонақтарының тізімінен бірнеше мемлекеттердің өкілдері қатысып отыр. Бағдарлама ауқымы маңызды. Бізге қажетті мәселелер қарастырылады деген ойдамыз. Білім сапасын қамтамасыз ету маңызды екені белгілі. Бұл салаға Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отыр. Биылғы Жолдауда да білім сапасын, әсіресе, жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын арттыру бойынша ерекше тоқталып, Үкіметке тиісті тапсырма берген», деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар жиында Халықаралық форумның негізгі мақсаттары айтылды.

– цифрлық трансформация жағдайында білім беру саласындағы озық тəжірибе алмасу жəне пікірталас үшін халықаралық диалог алаңын құру болып табылады;
– жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін əзірлеу, тəуелсіз аккредиттеу жəне рейтингтік зерттеулер;
– сапа мəдениетінің дамуына жəне кəсіби қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін халықаралық желілермен жəне шетелдік агенттіктермен, білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту;
– білім беру сапасын, білім беру бағдарламаларын жəне халықаралық стандарттарға сəйкес студенттерді даярлау траекториясын жақсарту.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА