22.07.2024

Әлемдегі ең жалқау балалар қайда тұрады?

Британдық ғалымдардың пайымдауынша, әлемдегі ең жалқау балалар шотландық балалар екен. Ғалымдар бұл тұжырымдарын Journal of Physical Activity and Health басылымына жариялаған.
Бұндай пікірге мамандар Австралия, Канада, Колумбия, Англия, Финляндия, Гана, Ирландия, Кения, Мексика, Жаңа Зеландия, Мозамбик, Нигерия, Шотландия, Оңтүстік Африка және АҚШ елдерінің балаларының белсенділігін зерттеу барысында келді.
Тәжірибе кезінде Жаңа Зеландия мен Мозамбик елінің балалары анағұрлым белсенді болып келетіндігі анықталды. Ал қалған отыз елдегі балалардың белсенділігі бәсеңдеу. Алайда ең енжар балалар Шотландияда екен.
Ғалымдар алдағы уақытта басқа да мемлекеттерді қосып, тағы бір зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр – ҚазТАГ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА