24.07.2024

Студенттер мен оқушылар 20 қыркүйектен бастап онлайн оқу форматына көше ме?

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Tengrinews.kz жаңалығының скриншотты таратып жатыр. Суретте 20 қыркүйектен бастап елімізде оқушылар мен студенттер онлайн режимде оқуға көшетіні туралы жаңалық көрсетілген.

Шын мәнінде, таратылғын сурет өңделген. Қашықтан оқыту форматына көшу туралы хабарламадағы қаріп жаңалықтар порталында қолданылатын қаріппен ерекшеленеді. Сонымен қатар, хабарламада стилистикалық қателер бар. Tengrinews.kz порталында жарияланған түпнұсқа ақпаратта 15 қыркүйектегі валюта бағамы туралы ғана жазылған. Мақалада оқушылар мен студенттерді оқыту форматының өзгеруі туралы ескертулер жоқ.

Онлайн оқыту форматына көшу туралы ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де жоққа шығарды.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балалар офлайн режимде оқуда және оқуын жалғастырады. Егер сыныпта коронавирус инфекциясын жұқтырған оқушы анықталса, онда тек сол сынып қана екі апталық карантинге жіберіледі. Мектептегі қалған барлық оқушы оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады”, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қашықтан оқытуға көшу туралы хабарламалар фейк, ал скриншот қолдан жасалған. Биыл 15 қыркүйекте Tengrinews.kz порталы оқушылар мен студенттер үшін оқыту форматының ауысқаны туралы хабарлама жариялаған жоқ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА