24.07.2024

Елорда мектептерін карантинге жабу тәртібі қандай

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева мектепте коронавирус жағдайы тікелген кезде қандай шаралар қабылданатанын түсіндірді.

«Сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде, сынып (топ) 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулауға жатады. Орта білім беру ұйымында бір ауысымның 30 пайыздан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде тіркелген кезде, сол ауысым үй карантиніне 14 күнге оқшауланады», – деді Жанна Пралиева онлайн брифингіде

Оның айтуынша, дәл осындай тәртіп колледж және жоғары оқу орындарына қатысты

«ҚР Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына карантин енгізу мәселесі ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тарапынан шешіледі», – деп нақтылады Ж. Пралиева.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА