12.10.2024

Мектептерде ерекше мақсаттағы полиция жасағы кезекшілік ете ме?

Қазақстандық ата-аналарды WhatssApp мессенджерінде тараған хабарламаларға алаңдаушылық танытуда. Оларда мектептерде күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағының сарбаздары кезекшілік етіп, балалар мектепте тергеу изоляторында оқшауланады, ал мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін қолданылады делінген. Мұның бәрі өтірік.

Бұл хабарламаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

«Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды . Мектептерде тергеу изоляторы ( ШИЗО ) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді . Мектеп – балаларға білім беретін мекеме . Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды . Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылатын болады . Олар ата – аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді . Ата – аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және балалардың білім деңгейін арттыратын осындай хабарламаларға сенбеулерін сұраймыз» , – деп хабарлады ведомстводан .

Министрлік сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА