16.07.2024

Семейде 5 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Семей қаласында биыл 5 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ. Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз брифингі барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлім етті. Оның айтуынша, оқушыларды қабылдау сәуір-тамыз айлары аралығында электронды түрде жүргізілді. Биыл бірінші сыныпқа қабылданатын оқушыларының саны – 5100-ге жетіп отыр.

«Бірінші сыныпқа баратын оқушылар үшін «Алғашқы қоңырау» шарасы өткізіліп, әліппелер табысталады. Ал қалған сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған сабақ өтеді. Білім беру мекемелері жаз мезгілінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап қала мектептері жекелей қаржыландырылған болатын. Білім ордаларының терезелері, кіреберіс есіктері, жылу жүйесі мен шатырлары ауыстырылды», – деді Наталия Фесенко.

Сондай-ақ мектептердің антитеррорлық қорғанысына үлкен назар аударылуда. Бүгінгі таңда барлық мектептер мен балабақшаларға жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА