04.10.2024

Биыл бүлдіршіндерге «Әліппені» табыстау шарасы қалай өтеді

«Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы жаңалықтардың бірі – «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары мектеп бағдарламасына қайта оралады айтты.

«1 қыркүйекте өтетін салтанатты іс-шарада мектеп табалдырығын алғаш аттаған барлық бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» бірінші оқулығы ретінде беріледі. Бұл оқулық Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бойынша жасалған. Осы бағытта біздің әдіскерлер мен ғалымдар ауқымды жұмыстарды атқарды», – деді Асқар Аймағамбетов.

«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары мазмұны жағынан бірдей және бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 қыркүйекте болатын Білім күні салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.

Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе табысталады. Ал 2 мен 11-сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарына қатысатын болады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА