08.09.2024

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін?
Конкурс жазатын кезде мына нәрселерді ескеру керек:

Әрбір талапкерде 4 таңдау болады. Алғашқы екеуіне өзіңнің оқығың келетін, өзің қалайтын мамандықты, ал үшінші, төртінші мүмкіндікке нақты түсе алатын мамандықты жазу керек. Егер балл төмен болып грант қажет болса, мамандыққа қарамай барынша тек түсе аламын деген оқу бағдарламасын таңдаған дұрыс. Түсе алатын мамандықты білу үшін сол жылдың былтырғымен салыстырғандағы орташа ұпай өзгерісі, грант саны мен тест конкурсқа қатысатындар саны ескерілуі тиіс. Мысалы былтырғы 2020 жылы “Жалпы медицина мамандығына” 2147 грант бөлінді, ал химия-биология бойынша 100+ ұпай жинағандар саны 2433 (суретте былтырғы статистика), айырмашылық 286. Оның ішінде басқа мамандықтарды таңдайтындар, шетелге оқуға түсетіндер, т.б факторларды ескере отырып, 100-ден асқандарға медицинаға конкурсқа жаза беруге болады деп айтуға болады. Былтырғы “ЖМ” бойынша төменгі ұпай 103, ауыл квотасы бойынша 87.
Және тағы бір маңызды ескерту ауыл квотасы ешқандай ұпай қосып бермейді. Жалпы бөлінетін гранттың 30% ауылдық аймақтарда оқыған түлектер үшін бөлінеді, бірақ барлық мамандықтар бойынша емес.

Ескеретін екінші маңызды нәрсе, грант университетке немесе қалаға бөлінбейді. Грант мамандыққа беріледі. (Педагогикалық және жалпы медицина мамандықтарында қосымша “мақсатты гранттар” бар). Мысалы 89 ұпай “Азық-түлік өнімдерінің өндірісіне” жетіп тұрса, талапкер сол ұпаймен Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне де, Петропавл, Павлодарға да түсе алады. Астана, Алматының балы жоғары, шет жақтарда төмен болады деген қате пікір .

Негізінен шекті ұпай барлығында бірдей: педагогикалық мамандықтар-75, денсаулық сақтау және медицина-65, қалған мамандықтар бойынша 50, ұлттық ЖОО-лар үшін-65. Бірақ былтырғы жылдан бастап ЖОО-лар өздері шектік балл қоя алады. Мысалы былтыр Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Ақпараттық технология” бойынша шекті ұпай 100.

Сіз таңдаған мамандықты, өзіңіз таңдаған ЖОО-да оқытатын да алдын-ала біліп алу қажет. Сондай-ақ әскери кафедра, жатақхана болуы, оның бағасының қымбат болмауы да маңызды болса, оларды да ескеріп, таңдаған университет туралы ақпараттар іздеу қажет.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА