14 C
Нур-Султан
23.06.2021

Үшінші тоқсанда қандай пәндер дәстүрлі форматта оқытылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсаннан бастап ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер дәстүрлі форматта оқытылатынын мәлім етті.

«Үшінші тоқсаннан бастап 9 бен 11-сынып оқушыларының 70 пайызы дәстүрлі форматта оқиды. Әсіресе ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер, сонымен қатар қиындық тудырып отырған пәндер де дәстүрлі форматта оқытылады. Сондықтан бұл мәселе бойынша сабақ кестесіне дейін әдістемелік ұсынымдарды дайындап, бүгін жібереміз. Үшінші тоқсаннан бастап талқыланған тәртіп бойынша жұмыс жүргіземіз», — дейді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында.

Оның айтуынша, гимназиялық, лицейлік компонент бойынша қосымша өтетін сағаттар бар.

«Міне сол сағаттардың негізінде де жалақы төленеді. Сондықтан бұл мәселе бойынша мектептің өздері ақылдасып, тиісті шешім қабылдауына болады. Мұны дұрыс түсініп, ұйымдастыру керек. Колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы бірінші курс студенттері бойынша таяуда нүкте қойылады. Әлі бір ай уақыт бар. Келген ортақ шешім бойынша оқуды ұйымдастырасыздар», — деді ол.

Еске салайық, оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) форматына көшіріледі.

 

 

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Барлық сабақтарды барлық оқушыларға оқыту керек. Барлық кафе, ресторан, магазин, базар т.б. жұмыс орындары жұмыс істеп тұр. Білім министрлігімен денсаулық сақтау министрлігінің ойынша барлық ауру мектепте ме. Әлде әдейі білімсіз ұрпақ дайындап жатырма. ҰҚК бұл мәселемен айналысу қажет сияқты.

  2. Саламатсызба құрметті Асхат Аймағамбетов мырза! Мен Аширбаев Нурмахан, математика пәні мұғалімін. Бұл пәнді қашықтықтан оқытуда қай сыныпқа болмасын, оқушыларға ауыр болып жатыр. Осы себептен, «Негізгі пәндерді мектепке оқушыларды карантин режимін сақтай отырып, оқытсақ»-деген ұсынысым бар еді. Сөздің шыны керек, балалардың білімі, болашағы үшін үйге шақыртып, қосымша сабақ беріп оқытудамын.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...