-25 C
Нур-Султан
26.02.2021

Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді

Алдағы уақытта шәкіртақы университет арқылы емес студенттерге тікелей төленетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгертуге қатысты нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Біз қазір біраз нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауымыз керек. Содан кейін, мүмкін, келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз. Сонда университеттер арқылы шәкіртақы төленбей. Нақты шәкіртақы әр студентке тікелей төленетін жүйеге көшуіміз қажет», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Сонымен қатар министр аталған жаңа жүйеге қатысты тиісті іс-шаралар қабылдану үстінде екендігін баса айтты.

«Бұлардан өзде де проблемалық мәселелер бар. Оның бәрін біз білеміз. Сондықтан ол мәселелерге қайтып келіп, тағы бір мәрте қарастырамыз. Бүгін айтылған ұсыныстар бойынша тиісті зерттеу-талдама жұмысын жүргізуіміз керек. Одан кейін нақты іс-шараларды бекітіп, қалай болғанда да бұл пробламаларды шешу қажет», — деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...