-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

Алтай Көлгінов мектеп оқушыларына ақшалай сертификаттар табыстады

Алтай Көлгінов оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін ақшалай сертификаттар табыстады. Бұл туралы елорда әкімі Instagram парақшасында жазды.

«Оқушылардың білімді болып қалыптасуы мен олардың жетістіктері мұғалімдер мен ата-аналардың еңбегі арқылы келеді. Бұл еңбек бағалануы керек. Бүгін дарынды оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сертификаттар, ал мұғалімдерге сыйақы мен ноутбуктер табыс етілді.

Әр оқушының сүйікті пәні болады. Біреуі математика мен физиканы ұнатса, енді бірі биологияны оқиды. Әдебиет, география, химия сияқты пәндерді жанына жақын көретіндер де табылады.

Жоғары сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдап та үлгерген. Оқушылардың бәріне оқуда табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін!

Мемлекет тарапынан жағдай жасалып келеді. Мектептер салынып, балалар орталықтары мен үйірмелер ашылып, мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап оқушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Балалар қолдаусыз, қорғаусыз қалмайды», деп жазды Алтай Көлгінов.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...