-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Атырауда ауыл мектебінің оқушылары робот, дрон ​ құрастырып жатыр

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылқоға ауданындағы Сағыз орта мектебінде STEM зертханасы бар. Қазір онда 5-11 сыныпта оқитын 30 оқушы қосымша дәріс алады.

«Біздің зертханада оқушылар​ құрастырған дрон әдеттегідей әуеде ұшады. Тіпті су бетінде жүзіп, видео түсіреді. Дронның әуеде ұшу жылдамдығы секундына – 1,5 метр. Ал су бетінде секундына 2,5 метрге дейін жүзеді. Әзірге сынама​ түрінде құрастырылған дронның ​ қуаты 6 минутқа жетеді. Кейін қайта қуаттауға болады. Сонымен бірге, оқушылар ағаш станогымен, 3D ноутбукпен жұмыс істеуді үйренуде» -дейді STEM зертхананың лаборанты Ләйла Шыңдыбаева.

Оның айтуынша, зертханада жоғары сыныптың оқушылары арнайы бағдарлама жүктелген 3D​ принтердің көмегімен телефон тіреуішін, құмыралар мен ерекше форматтағы Абай кітабын, брелоктар, медальдар жасап шығарған.

Сондай-ақ, оқушылар STEM зертханада үш түрлі функция атқаратын роботтар жасаған. Мәселен, Мбот роботы кедергілерден өздігінен бұрылу арқылы өте алады. Екінші робот әуенмен қозғалады. Үшінші робот бағдарламамен арнайы сызылған сызбалар көмегімен жүреді.

«Бұл зартхана математика, инженерия бағытындағы осы заманғы технологиялық ізденістерге бағытталған. Жоғары сынып оқушылары роботтарды құрастырады. Ал, төменгі сынып оқушылары дрон, робот құрастырудың тәсілдерін үйреніп жатыр» — дейді Сағыз орта мектебі директорының міндетін атқарушы​ Мейрамгүл Аяғанова.

Бір ерекшелігі, аудандағы өзге мектептерде мұндай STEM зертхана жоқ. Бұл мектептегі зертхана биылғы қаңтарда іске қосылған. Аталған мектептің химия пәнінің мұғалімі Ақынта Бисембиева былтыр республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Жүлдеге ұтып алған зертхананы өзі еңбек ететін мектепке орналастырған.

Екі жыл бұрын ашылған Сағыз орта мектебінде 424 оқушы оқиды. Мұнда кадет сыныбы, өндірістік шеберханалар, тігін цехы, гимнастика орталығы мен ТИР алаңы бар. Оқушылар шығармашылығын дамыту мақсатында білім ордасында 16 үйірме мен 4 клуб ашылған.. Соның бірі – би үйірмесі.

«Дәріс классика, эстрада және ұлттық би бағытында өтеді. Үйірмеге қатысып жүрген оқушылардың онлайн түрде өтіп жатқан «Жарық жұлдыз» конкурсында шоқтығы биік тұр» — дейді би үйірмесінің жетекшісі Бақыт Қойшығали.

Еске сала кетелік, атыраулық оқушылардың ғылыми жұмысы халықаралық жинаққа енгенін жазған едік.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...