-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

ЖОО-дағы қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық отырысында министрліктің бірқатар бұйрығына өзгерістер енгізілгенін және оқытушылар толтыратын құжаттар көлемінің айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті.

«Тек қана соңғы өзгерткен бір бұйрықтың негізінде мысал келтірейін. Қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды. Олардың арасында оқу уақытын ай сайынғы және жылдық есепке алу ведомостары, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауға арналған бірнеше емтихан ведомостары, қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия отырыстарының әртүрлі хаттамалары және тағы басқасы бар. Мысалы, бір ғана кафедраның жұмыс жоспарын жасау үшін 21 тармақтан құралған құжатты толтыру қажет, ал ол көп уақытты қажет етеді. Оның бәрі міндетті құжаттардың тізімінен қысқартылды», дейді Асхат Аймағамбетов.

Дегенмен, ведомство басшысы кейбір университеттер бұрынғы әдетіне салып, ескі талаптардан бас тарта алмай келе жатқанын тілге тиек етті.

«Құрметті оқытушылар, алдағы уақытта басшылық сол құжаттарды талап етсе, ҚР БҒМ-нің бұйрықтарына сүйенуге болады. Жалпы барлық құжаттар цифрлы форматта жүргізілуі қажет. Біз пандемия кезінде студенттер дипломдық жұмыстарын немесе диссертацияларын қашықтан қорғай алуы үшін «көк» мөр, рецензенттер мен менеджерлердің қолтаңбаларын жинау және т.б. талаптарды алып тастадық», дейді Білім және ғылым министрі.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...