-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

Жоғары білім беру саласында маңызды өзгерістер орын алуда

Жоғары білім беру саласында маңызды өзгерістер орын алуда. Бұл туралы Министр Асхат Аймагамбетов фб парақшасында жазды.
Мәселен, оқу орындарының академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестігін одан әрі кеңейту, білім беру бағдарламаларын жаңарту сынды және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұл әрине қажетті шешімдер.
Бірақ осы реформаларды іске асыру кезінде оқытушылардың қажет емес есептер дайындауы, жалақыларының төмендігі және жүктеменің көптігі сияқты маңызды мәселелер жеткілікті деңгейде қарастырылмауда.
Ал, бұл мәселелер білім беру сапасына тікелей әсер етеді.
Оқытушылардың басты міндеті – білім беру. Бірақ есеп беру, жоспарлар толтыру сияқты қажеті шамалы міндеттемелер негізгі жұмыспен айналысуға кедергі жасайды.
Одан бөлек, бір оқытушы 800 сағат жүктемені құрайтын 10 пәннен сабақ жүргізуі мүмкін. Жұмыстың көптігіне қарамастан, мардымсыз жалақы қарапайым қажеттіліктерге де жетпей жатады.
Бұл ретте оқытушының өзін-өзі кәсіби тұрғыда дамытуына уақыты ғана емес, басқа да мүмкіндіктері болмайды.
Сол себепті біз осы мәселелерге баса назар аударудамыз.
Біз ҚР БҒМ бұйрықтарына өзгерістер енгізіп, оқытушылар толтыратын құжаттар көлемін айтарлықтай қысқарттық.
Тек қана соңғы өзгерткен бір бұйрықтың негізінде мысал келтірейін.
Қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды.
Олардың арасында оқу уақытын ай сайынғы және жылдық есепке алу ведомостары, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауға арналған бірнеше емтихан ведомостары, қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия отырыстарының әртүрлі хаттамалары және тағы басқасы бар.
Мысалы, бір ғана кафедраның жұмыс жоспарын жасау үшін 21 тармақтан құралған құжатты толтыру қажет, ал ол көп уақытты қажет етеді.
Оның бәрі міндетті құжаттардың тізімінен қысқартылды.
Дегенмен кейбір университеттер бұрынғы әдетіне салып, ескі талаптардан бас тарта алмай келеді.
Құрметті оқытушылар, алдағы уақытта басшылық сол құжаттарды талап етсе, ҚР БҒМ-нің бұйрықтарына сүйенуге болады.
Жалпы барлық құжаттар цифрлық форматта жүргізілуі қажет.
Біз пандемия кезінде студенттер дипломдық жұмыстарын немесе диссертацияларын қашықтан қорғай алуы үшін «көк» мөр, рецензенттер мен менеджерлердің қолтаңбаларын жинау және т.б. талаптарды алып тастадық.
Тағы бір мәcеле жүктеме.
Өкінішке орай, көп жоғары оқу орындарында қолданылатын әдістемелер күмән туғызады.
Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға уақыт табу қиын.
Сондықтан жақын арада Министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады.
Құрамында сарапшылар, жоғары оқу орындарының проректорлары мен оқытушылар бар жұмыс тобы бұл мәселеге жұмылдырылды.
Айта кеткен жөн, жүктемені бірден автоматты түрде төмендету қажетті нәтиже бермейді.
Кейбір оқу орындары оқытушылардың жүктемесін бірден 400-500 сағатқа дейін төмендеткен болатын.
Бұл ретте ЖОО-дағы жалпы сағат көлемі азаймады, керісінше қосымша оқытушыларды жұмысқа қабылдау қажеттігі пайда болды.
Себебі, бір оқытушыға берілетін ставка көлемі 1,5-тен аспауы керек.
Нәтижесінде университет біліктілігі төмендеу оқытушыларды жұмысқа алуға мәжбүр болды.
Әрине, мұның оқу сапасына кері әсер еткенін айтпаса да түсінікті.
Дегенмен, бұл мәселені шешуіміз қажет. Оны кезең-кезеңмен және жүйелі түрде шешеміз.
ЖОО оқытушыларының жалақы мәселесі де өзекті.
2019 жылдың қыркүйегінде ректорларға жалақыны ішкі резервтер мен әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен 25%-ға арттыру туралы тапсырма берген болатынмын.
Ал биыл Президенттің қолдауымен бюджеттен қаржы бөлінді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының еңбекақысын арттыруға қатысты тапсырма берді.
Соған сәйкес 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру грантының құны артып, оқытушылардың еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік берді.
1 қыркүйектен бастап орта есеппен ұлттық жоғары оқу орындарында жалақы көлемі 28%-ға, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында – 20%-ға өсті.
Әрине, біз мұнымен ғана шектелмей, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.
Осы ретте, Министрлік бір жағынан жоғары оқу орындарына қаржылық дербестік беріп, екінші жағынан олардың ішкі жұмыстарына араласып отыр деген сыни пікірлерді де естимін.
Мен бұл пікірмен келіспеймін.
Заңға сәйкес Білім және ғылым министрлігіне қарасты ЖОО-лардың жалғыз акционері ретінде біз қажет шешімдер қабылдауға міндеттіміз. Дегенмен, жекеменшік және басқа да мемлекеттік органдарға қарасты жоғары оқу орындары көптеген мәселе бойынша шешімдерді дербес қабылдайтынын айта кеткен жөн.
Қалай болғанда да, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша басталған жұмысты әрі қарай жалғастырамыз.
Бұл өз кезегінде оқу орындарының білім сапасына қатысты жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз.
Асхат Аймагамбетов

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...