27.04.2024

Түркістан облысында бастауыш сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат етілді

Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді. Тиісті қаулыға өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов қол қойды.

Ата-аналардың өтінішімен дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы оқушылар саны 15-тен аспауы талап етіледі. Сондай-ақ, әр партаға бір баладан шахмат режимінде отырғызылып, сабақ уақыты 40 минуттан аспауы тиіс. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің талабына сәйкес, дәстүрлі форматта сабақ оқытылатын кезекші сыныптарда және шағын жинақталған мектептерде санитариялық-гигиеналық талаптары қатаң сақталуы қажет.

Оқу кабинеттерінде антисептігімен санитайзерлер орнатылуы қатаң қадағаланған. Оқушылар мен мұғалімдердің дене қызуы күн сайын өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Бетперде әр 2 сағат сайын ауыстырып, қолданылған лас маскаларды арнайы белгі қойылған қораптарға тастау талап етіледі.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА