25 C
Нур-Султан
26.07.2021

Мектеп әкімшілігі мұғалімдер мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін жауапқа тартылмақ

Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Бұл туралы Қазбілім Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара расталды.

«Тексеру барысында мектеп әкімшілігі тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі ұстаздарды газеттер мен журналдарға жазылуға мәжбүрлеген», — делінген министрлік хабарламасында.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өңірлік департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша №125 жалпы орта білім беру мектебінің лауазымды тұлғалары заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...