14 C
Нур-Султан
23.06.2021

Роман Мельник: өз түлектерін оқытушылық қызметке қабылдау – утопия

«Инбридинг дегеніміз студент, магистрант, докторанттың өзі оқыған университетінде оқытушы болып қызмет етуі. Ибридинг, ең алдымен, университеттің жұмысына, дамуына кедергі жасайды, жаңа ғылыми идея мен креативті көзқарастың жойылуына алып келеді», дейді әкімшілік құқық және әкімшілік процесс бойынша ТМД кеңістігінде танымал халықаралық сарапшылардың бірі, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің профессоры Роман Мельник facebook-тегі парақшасында.

Инбридинг ұғымы көптеген елдердің академиялық жүйесінде жиі кездеседі. Профессор Мельниктің айтуынша, кешегі түлек өзіне сабақ берген профессорлар мен доценттерге тәуелді. Жас ғалым тәлімгерлерінің ғылыми көзқарастарына күмән келтірмейді, сын да айта алмайды. Нәтижесінде ғылыми зерттеулердің сапасы төмендейді.

«Өз түлектерін оқытушылық қызметке қабылдау саясаты – академиялық инбридинг, посткеңестік кеңістіктегі елдерде кең тараған. Олардың ойынша, өзіміздің түлек «сырттан келгендерге» қарағанда сенімді, оқу орнының ішкі жүйесін, тарихын, дәстүрін біледі. Бұл пікір – таза утопия», дейді ол.

Р.Мельник жазбасында Стэнфордтың профессорлық құрамы бойынша мысал келтіріпті. Стэнфордта 42 Нобель сыйлығы лауреаты жұмыс істейді, оның тек 5-і өз түлегі екен. «Университет нарықтағы үздік кадрлар үшін күресіп, оларды іздеп тауып, жұмысқа шақырып, шығармашылығына қолайлы жағдай жасауы керек. Сонда университеттің бойына «жаңа» қан жүгіреді. Әлемдік деңгейдегі университеттер инбридингке қарсы саясат ұстанады. Сол оқу орнында ғылыми дәреже алған адамдарды университетке жұмысқа қабылдауға заңмен тыйым салынған», дейді KAZGUU профессоры.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...