18 C
Нур-Султан
21.09.2023

2014-2015 оқу жылына 34 115 бiлiм гранты бөлiндi

Мемлекет 2014-2015 оқу жылына жоғары бiлiм алуға 34 мыңнан астам грант бөлдi. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тiлшiсiне ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлаған.
ҚР БҒМ ақпараты бойынша, биылғы жылы мемлекеттiк тапсырыс Қазақстан экономикасының сұранысына мейлiнше сай жасалды.
«Негiзгi көңiл елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына аударылды. Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысы жария еткен үдемелi индустрияландыру бағыты. Бiлiм беру саласын жаңғырту мақсатында мемлекеттiк тапсырыстың iшiнде педагогикалық мамандарды даярлауға да үлкен орын берiлген. Сонымен қатар елдiң агроөнеркәсiптiк кешенi де назардан тыс қалған жоқ», — деп атап өтті ведомство өкілдері.
«Жалпы 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi», — дейдi министрлiктің бапасөз қызметі.
Министрлiктiң мәлiметi бойынша, 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант — педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.
«Биылғы мемлекеттiк тапсырыстың үлестiрiлуi еңбек нарығына арналған жоғары бiлiктi мамандықтардың тиiмдi құрылымын жасақтауға септiгiн тигiзедi», — деп мәлімдеді министрліктің жауапты қызыметкерлері.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...