|  | 

Жаңалық

БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады.

Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ны грант алуға жібермеді. ЖОО-лар қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыруда төмен орыны мен әлсіз позициясы үшін осылай іріктеліп алынды», — деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Оның хабарлауынша инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам білім алады. І курста үш, ІІ курста алты, ІІІ курста бес, ІV курста 1513 студент бар. Аталмыш ЖОО еліміздегі барлық заңгер түлектің 13 пайызына (699 адам) диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗМЗУ-да 2018 жылы «Құқықтану» мамандығын 185 түлек тәмамдаған. Сол секілді Орталық Азия университетінде экономист түлектердің 30 пайыздан азы ғана жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10 пайыздан аз.

Осындай мысалдарды келтіре келе Олжас Ордабаев грант ала алмаған ЖОО-лардың тізімін жариялады:

1. «Астана» университеті;

2. Қазақстан теңіз университеті (қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті);

3. Академик Әбдімүс Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;

4. Мардан Сапарбаев институты;

5. Silk way халықаралық университеті;

6. «Сырдария» университеті;

7. Абай Мырзахметов атындағы көкшетау университеті;

8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты;

9. Еуразия технологиялық университеті;

10. Каспий қоғамдық университеті;

11. «Қайнар» академиясы;

12. Инновациялық Еуразия университеті;

13. Еуразия гуманитарлық институты;

14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;

15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы;

16. Орталық Азия университеті;

17. Орталық Қазақстан академиясы;

18. Қазақ технология және бизнес университеті;

19. Bolashaq академиясы;

20. Қазақстан инновациялық академиясы;

21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;

22. Академик Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;

23. Дінмұхамед Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы;

24. Қызылорда «Болашақ» университеті» ;

25. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;

26. Шет тілдер және іскерлік мансап университеті;

27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті;

28. Гуманитарлық-техникалық академия;

29. Алматы экономика және статистика академиясы;

30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;

31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;

32. Алматы университеті;

33. Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті;

34. Қазақ-орыс халықаралық университеті;

35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;

36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • 145 колледж 330 мамандық бойынша білім беру құқығынан айырылды – ҚР БҒМ

    145 колледж 330 мамандық бойынша білім беру құқығынан айырылды – ҚР БҒМ

    ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Талдау нәтижелері бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берді (белгілі бір мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін құжат). ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету

  • Екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылды

    Екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылды

    Екі өңірдегі мектептер мен балабақшалардан анықталған коронавирусқа байланысты аталмыш әлеуметтік нысандар карантинге жабылды. Қазақстанның екі облысының білім ордаларында кезекші сыныптар мен балабақшалардағы кезекші топта коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығы — 16 бала. Оқу ордаларының бәрі де карантинге жабылды», — деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған балалармен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog