|  | 

Керекті кеңес

Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы ҰБТ-ға енгізілетін алғашқы жаңашылдықтарды атады

«Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді», — деп жазды министр Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетов сұрақтардың мазмұны әлі де көңілінен шықпайтынын жеткізді.

«Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. Содан кейін бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады. Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. Талапкерлер тапсыратын пәндер бойынша да нақты шешім қабылдау қажет», — дейді ол.

Министр ҰБТ-ны мектептегі қорытынды емтиханға және жоғары оқу орнына түсу емтиханына бөлгеннен кейін қажетті құзыреттіліктерді бағалау тәсілдерін өзгерту бойынша да мүмкіндік туғанын хабарлады. Себебі ҰБТ мектепте алған білімін бағалау емес, жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау маңызды.

«Сауатты, әрі түсінікті сұрақтар. Бұл – алдағы уақытта атқаратын өте ауқымды әрі маңызды жұмыс. Аталған шараның барлығы алдын ала ғылыми деректердің негізінде сарапшылар мен педагогтердің талқылауы арқылы қабылданатыны сөзсіз. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады», — деп түйді Асхат Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

    Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

    Қазақстанда оқушыларға мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектесетін «E-Tutor» әлеуметтік жобасы іске қосылады. «NU Alumni» түлектер қауымдастығы білім берудегі тәлімгерлік бойынша осындай жобаны іске қоспақ. Жоба аясында НУ түлектері мен студенттері қатарынан кураторлар волонтерлық негізде 5-11 сынып оқушыларына бірқатар пән бойынша мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектеседі. Оқушыларды іріктеу кезінде ең алдымен медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ көп балалы

  • Қазақ тіліндегі бейнесабақтар қазақстандық телеарнадан көрсетіледі

    Қазақ тіліндегі бейнесабақтар қазақстандық телеарнадан көрсетіледі

    Еліміздегі карантин талаптарына байланысты 1 қыркүйек, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасында орта білім беру қашықтан оқыту жүйесінде жалғасады. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып, дүйсенбі-жұма 09:00-18:00 аралығында 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасы көрсетеді»,-делінген хабарламада. Сондай-ақ онда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan»

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog