|  | 

Жаңалық

Ақмола облысында 311 мектеп оқу жылын штаттық режимде бастайды

Ақмола облысының шалғай ауылдарындағы 18 мың оқушысы бар 311 мектеп оқу жылын санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде бастайды. Бұл туралы әкімдік отырысында облыстық білім беру басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты.

«Облыстағы шалғай ауылдарындағы барлығы 18 мың оқушысы бар 311 мектеп оқу жылын санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде бастайды. Ал 243 мектептегі 115 мыңға жуық оқушы қашықтан оқытылады. Сонымен бірге, 3 мыңнан астам бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады», — дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

 

Басқарма басшысы атап өткендей, облыстың барлық жалпы білім беретін мектептері жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Облыс мектептерінде барлығы 16 мыңнан астам компьютер бар болса, бүгінгі күні оның саны 1,6 мың компьютермен толығып отыр. 1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджет есебінен тағы 235 компьютер сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, Үкімет резервінің қаражаты есебінен 23 мыңнан астам компьютер сатып алынатын болады. Бірінші кезекте осал санаттағы балаларды компьютермен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, өңірде балабақшалардың жұмысы да кезең-кезеңмен қайта жанданып келеді. 159 мектепке дейінгі ұйымда 411 кезекші топ ашылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

    Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

    Алматы облысында 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Бұл туралы Қазбілім порталы әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды. Жоғары да атап өткен үшауысымды мектептердің қатарын азайту мақсатында 17 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Ал, 300 орынға лайықталған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін

  • БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

    БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

    «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ны грант алуға жібермеді. ЖОО-лар қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыруда төмен орыны мен әлсіз позициясы үшін осылай іріктеліп алынды», — деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog