|  | 

Жаңалық

Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесуде

ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандықтарды еліміздегі оқу орындарына ауыстыру бойынша көмек көрсетуде.

Мәлім етілгендей, ҚР БҒМ шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсетуді бастады.

«Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын.

Бұл ретте, құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады», — деді министрліктен.

Осы мақсатта ҚР БҒМ-да жедел желі (74-16-24) іске қосылды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

    Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

    Алматы облысында 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Бұл туралы Қазбілім порталы әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды. Жоғары да атап өткен үшауысымды мектептердің қатарын азайту мақсатында 17 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Ал, 300 орынға лайықталған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін

  • БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

    БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

    «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ны грант алуға жібермеді. ЖОО-лар қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыруда төмен орыны мен әлсіз позициясы үшін осылай іріктеліп алынды», — деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog